Абай облысында салық берешегі 557 млн теңгеге жетті

289

2 953 азамат 297,5 млн теңге қарызын өтеді.

Абай облысында салық берешегі 557 млн теңгеге жетті Фото: qaz.ulysmedia.kz

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарызды өндіріп алу мақсатында өңірде 2 818 рейд жүргізілді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Асем Тұрлыбекова мәлімдеді.

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша көлік салығы бойынша 6 240 азаматтың 536,2 млн теңге берешегі бар. Оның 77,7 пайызы Семей қаласының тұрғындарына тиесілі.

Ал мүлік және жер салықтары бойынша берешек 20,8 млн теңгені құрайды.

– "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында салық міндеттемелерін орындау және берешекті өндіріп алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Азаматтардың салықты уақытылы төлеуі – заң талаптарын сақтаудың маңызды бөлігі. Сондықтан берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларына жеткізбей, оны ерікті түрде өтеу маңызды", – деді Асем Тұрлыбекова.

Қарызды өндіріп алу үшін мемлекеттік кірістер органдары полиция және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл ретте "Сергек – Қорғау" жүйесінің мүмкіндіктері де пайдаланылуда.

Бірлескен іс-шаралар нәтижесінде 2 953 азамат жалпы сомасы 297,5 млн теңге берешегін өтеген. Сонымен қатар төрт көлік мамандандырылған тұраққа қойылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу