Абай облысында "Сарбаз жолы" жаңа армиялық дәстүрі қанат жайды

378

Салтанатты шараға әскери қызметке аттанған 60 жас сарбаз қатысты.  

Абай облысында "Сарбаз жолы" жаңа армиялық дәстүрі қанат жайды Фото: gov.kz

Жас Отан қорғаушыларды айтулы оқиғамен Абай облысының әкімі Берік Уәли, Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, қоғам өкілдері, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, сондай-ақ жастардың туған-туыстары мен жақындары құттықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айтулы оқиғаның естелігі ретінде оларға "Киелі Абай елі" кітабы табыс етілді. Іс-шараның келесі кезеңі 28738 әскери бөлімінде жалғасты. Мұнда жас сарбаздар, ата-аналар және қоғам өкілдері әскери қызметшілердің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, әскери техника мен қару-жарақ үлгілерін тамашалады.

Абай облысының әкімі мен Қорғаныс ведомствосы басшылығының қатысуымен өткен кездесуде әскери-патриоттық тәрбие жүйесі, Отан алдындағы міндетті орындаудың маңызы, әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында Қорғаныс министрлігі қабылдап жатқан шаралар және әскери қызметін өткерген азаматтарға ұсынылатын мүмкіндіктер туралы айтылды. Іс-шара барысында үздік әскери қызметшілерге құрмет көрсетілді.

Абай облысының әкімі Берік Уәли Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген сарбаздар мен олардың ата-аналарына Алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар жауынгерлік даярлықта жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жоғары оқу орындарында білім алуға арналған мемлекеттік гранттарға ие болған үздік әскери қызметшілерге тиісті сертификаттар табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу