Абай облысында спорт мектебінен 8,3 млн теңге жымқырған бухгалтер сотталды

336

Жарма ауданының прокуратурасы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлеріне жалақыны заңсыз есептеу фактісін анықтады.

Абай облысында спорт мектебінен 8,3 млн теңге жымқырған бухгалтер сотталды Фото: aktobetimes.kz

"Жарма аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" КМК бухгалтері екі жыл бойы өзінің және мекеме іс жүргізушісінің банктік шоттарына жалақыны заңсыз түрде артық есептеп отырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 8,3 млн теңге залал келтірілген.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы қылмыстық істі тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Тергеу барысында бухгалтер өз кінәсін мойындап, мемлекетке келтірілген залалды толық көлемде өтеді.

Жарма аудандық сотының үкімімен ол ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу және 5 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасына тартылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу