Облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов жетекшілік ететін жұмыс тобы – Төтенше жағдайлар департаментінің, Ертіс бассейндік су инспекциясы және "Қазгидромет" өкілдері Ертіс пен Үбі өзендерінің арналары, қар қорының көлемі және су шаруашылығы нысандарының техникалық жай-күйін бағалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Шүлбі су электр станциясы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу және тартылған барлық қызметтердің өзара іс-қимылын тиімді үйлестіру мақсатында қосымша алдын алу шаралары айқындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу