Абай облысында су тасқыны қаупі бар учаскелерге әуеден барлау жасалды

636

Абай облысында су тасқыны қаупі бар учаскелерге әуеден барлау жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абай облысында су тасқыны қаупі бар учаскелерге әуеден барлау жасалды Фото: inform.kz

Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков және өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Манарбек Шапағатов Семей қаласы, Бесқарағай және Бородулиха аудандарындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерге аэровизуалды барлау жүргізді.

Барлау барысында қар жамылғысының биіктігі, Ертіс және Үбе өзендеріндегі гидрологиялық жағдай бақыланып, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі тексерілді. Барлық зерттелген аумақта қар тез еріп жатыр. Ертіс өзенінде Шүлбі су қоймасынан төмен Бесқарағай ауданының шекарасына дейін мұз ағыны бар. Бесқарағай ауданынан Павлодар облысының шекарасына дейін мұздың қатуы байқалады. Үбе өзенінде мұз жамылғысы бұзылып жатыр.

"Аэровизуалды барлау нәтижесіне сәйкес, өзендерде мұз кептелісі жоқ. Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда", - деді Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу