Абай облысында суда жоғалып кеткен үш адам әлі іздестіріліп жатыр

455

Бүгінде бұл тұрғындардың нақты қайда екені белгісіз. 

Абай облысында суда жоғалып кеткен үш адам әлі іздестіріліп жатыр Фото: polisia.kz

Абай облысында суда жоғалып кеткен үш адам әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағаш ауылының азаматтары МТЗ 82 маркалы тракторымен "Шалқар" шаруа шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай бет алған. Трактордағы екі ер адам жолды қысқарту үшін өзенді кесіп өтпек болған, алайда олар су деңгейінің көтерілуіне байланысты өзеннің ортасында қалып қойған.

Сонымен бірге 23 наурыздан бері Аягөз өзенінен өтпек болып, аттан суға құлап кеткен 46 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Полиция жоғалып кеткен адамдардың көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатыспағанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу