Абай облысында тағы 35 адам эвакуацияланды

454

Абай облысында жолда қалған тағы 35 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Жалпы барлығын қосқанда 305 адамға көмек көрсетілді.  

Абай облысында тағы 35 адам эвакуацияланды Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар департаменті оларды қарлы құрсаудан құтқару үшін ауыр техниканың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазіргі уақытта 200 жуық адам, оның ішінде 9 бала Қалбатау ауылына жеткізілді. Абырой болғанда, ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. Бұған дейін Байбура аcуында қалған жолаушылар тікұшақпен Жарма ауданына жеткізілгенін жазғанбыз.

Құтқарушылар 29 әйел мен баланы МИ-8 тікұшағымен Қалбатау ауылына эвакуациялады. Мұнда жол бойындағы дәмхананың бірінен жылыту бекеті ашылды. Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен тағы 12 адам жеткізілді. Араларында суықтан үсіп, зардап шеккендер бар. Оларға көмек көрсетіліп жатыр. Қақаған аяз, қалың қар мен боран салдарынан Қалбатау-Майқапшағай учаскесінде де күрделі жағдай қалыптасқан. Республикалық және облыстық штаб құрылып, жедел желі іске қосылды.

ТЖМ психологтарын тарта отырып, "Жедел желі" телефоны жұмысын жалғастыруда. Барлығы 600-ге жуық қоңырау түсті.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысы ТЖД жедел желісінің телефон нөмірі: 8-72-22-35-38-31.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу