Абай облысында тәртіп сақшылары өрттің алдын алды

534

2 ақпанда Абай облысы Полиция департаментінің жылдым қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері Әділ Құсман мен Нұрлыбек Менкешев Семейде алаяқтықтың алдын алу үшін азаматтарды аралауға жіберілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абай облысында тәртіп сақшылары өрттің алдын алды Фото: polisia.kz

Олар үйлердің бірінің 5 қабатында балкон жанып жатқанын байқаған.

Пәтерде бойжеткен мен оның кәмелетке толмаған бауыры және сіңлісі болған.

"Полиция қызметкерлері ең алдымен, жанып жатқан пәтердің тұрғындары мен көршілерін эвакуациялады. Содан кейін арнайы жылдам қимылдайтын жасақ жауынгерлері өз өмірлерін қауіпке тігіп, ас үйден газ баллонын шығару үшін пәтерге кірді", – деп жазды аймақтағы полиция департаментінен.

Шақырумен келген Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті оқшаулады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу