Абай облысында төтенше жағдай енгізілді

892

Өткен күндері Абай облысының аумағында биіктігі 80 см-ге дейін қалың қар жауды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Абай облысында төтенше жағдай енгізілді Фото: бейнеден ҚазАвтоЖол мекемесі

Республикалық маңызы бар жолдармен жүріп-тұру шектелді, ал облыста табиғи сипаттағы ТЖ режимі енгізілді. 

Абай облысының жолшылары мен ТЖҚ көмегімен "Қалбатау-Майқапшағай" автожолының 970-995 км учаскесінде 385 адам эвакуацияланды. Жылдам көмек көрсету мақсатында тек жер үсті ғана емес, сонымен қатар әуе қызметтері де тартылды.

Бүгінгі таңда Қалбатаудан Көкпектіге дейінгі жол ашылды. Жүріс бөлігін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Жол қызметтері жолда қалған көліктерді жылытуға көмектесуде. 

Аталмыш учаскеде 14 жол техникасы жұмылдырылған. Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін қосымша қар тазалау техникасы мен персонал тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу