Абай облысында түрмеден қашып кеткен адам ұсталды

265

Ер адам дереу қайтадан қолға түсті.  

Абай облысында түрмеден қашып кеткен адам ұсталды Фото: mir24.tv

Абай облысында түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адам серуендеу кезінде қашып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде өңірдегі түрмелердің бірінде сотталған адамның қашып кеткені, әлі табылмай жатқаны жайлы ақпарат тарады. Департамент өкілдері оқиғаны растады.

– Аталған сотталған азамат 2021 жылы шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Осы жылдың маусым айында жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін оған тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігі нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған. Серуендеу кезінде ол уақытша ұстау изоляторының аумағынан заңсыз шығып кеткен. Жедел ұйымдастырылған іздестіру шараларының нәтижесінде ол ұсталып, қайтадан қамауға алынды, – делінген ақпаратта.

Аталған оқиғаға байланысты мекемеде қызметтік тексеру басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу