Абай облысында үшінші жылу электр орталығын салу талқыланды

116

Өңір басшысы Берік Уәли "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен кездесті.  

Абай облысында үшінші жылу электр орталығын салу талқыланды Фото: Абай облысының әкімдігі

Кездесуде Семей қаласында үшінші жылу электр орталығын салу жобасы талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жоба аясында "Таза көмір" технологиясын қолданатын, электр қуаты 360 МВт, жылу қуаты 1000 Гкал болатын жаңа станция салу жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда жер телімдері рәсімделіп, техникалық шарттар алынған. Эскиздік жобасы да келісілген.

Жалпы, Семей қаласында қазіргі таңда жылу энергиясының тапшылығы 147 Гкал/сағ құрап отыр. Бұл жаңа көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылысына кедергі келтіруде. Ал жаз айларында қала тұрғындары ыстық сумен қамтылмай отыр.

"Президенттің тапсырмасымен Семей қаласында салынатын үшінші жылу электр орталығы Үкіметтің қадағалауындағы мәселе. Облыс орталығының оң жағалауында жылу тапшылығы бар. Осыған байланысты ескірген әрі тиімсіз қазандықтарды жабу, қазіргі жылу энергиясы тапшылығын жою, сондай-ақ жаңа энергия қуаттарын құру мәселесі айрықша маңызға ие. Облыс әкімдігі өз тарапынан ЖЭО-3 құрылысын уақтылы әрі сапалы іске асыру үшін жан-жақты қолдау мен көмек көрсетуге дайын" – деді аймақ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу