Абай облысында заңсыз металл өндірумен айналысқан топ әшкереленді

175

Алтын түстес металл, байытуға арналған жуу жабдығы, арнайы техника және автокөлік құралдары тәркіленді.

Абай облысында заңсыз металл өндірумен айналысқан топ әшкереленді Фото: РИА Новости

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Жарма ауданында бағалы металдарды заңсыз өндіру қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлау және заңсыз өндіру жұмыстары жүргізілген үш жер анықталды.

Заңсыз қызмет нәтижесінде топырақ беті кең көлемде бүлініп, оның ішінде құнарлы қабаты сыпырылып алынған.

Алтын түстес металл, байытуға арналған жуу жабдығы, арнайы техника және автокөлік құралдары тәркіленді.

Қазіргі уақытта барлық қатысы бар барлық тұлғалар, заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі және келтірілген залалдың мөлшері анықталуда.

Тергеу жалғасуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу