Абай облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

157

Аталған оқиға бойынша тергеу басталды.

Абай облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды Фото: Instagram/pervyi_semsky

Абай облысындағы тасжолда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" тасжолының учаскесінде болған.

"Toyota Avensis пен Howa көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Avensis жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуының абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу