Абай облысында жүргізуші полицейлердің талаптарын орындамай жабық жолға шықты

313

Жүргізуші полицейлерден жасырынуға тырысты. 

Абай облысында жүргізуші полицейлердің талаптарын орындамай жабық жолға шықты Фото: polisia.kz telegram-каналы

Бүкіл Абай облысы бойынша трассаға шығуға тыйым салынды. Дегенмен, Курчатов қаласында 30 жастағы жүргізуші тыйым салынғанына қарамастан, полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, Семей қаласына қарай жолын жалғастырды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, жүргізуші полицейлерден жасырынуға тырысты. Қуу және ұстау кадрлары қызмет инспекторының бейнетіркегішіне түсірілді. Енді бұл дәлелдер сотта ұсынылады, онда құқық бұзушы жолдарға шығуды тоқтатқан полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін жауап береді.

Аталған баптың санкциясымен азаматтарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.

"Абай облысында 2 қаңтар күні сағат 18.30-дан бастап ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінуді шектеу, көктайғақ) көліктің барлық түрлері үшін жолдар жабылды. Жолдардың барлық жабық учаскелерінде елді мекендерден шығуға тосқауыл қоятын полиция қызметкерлері қатарынан бекеттер қойылды. Бұл шектеулер жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында енгізілді", - деп атап өтті полиция.

Қазіргі таңда, полицейлер мен құтқарушылар өз өмірлерін қатерге тігіп, көліктерді қар құрсауынан шығару және адамдарды құтқару бойынша қауіпті іздестіру-құтқару операцияларын жүргізіп жатыр. Алайда, автокөлік жүргізушілері тыйымдарды елемеуді жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу