Абай облысында жыл соңына дейін 3 мектеп пайдалануға беріледі

603

Оқушылар сарайы келесі жылы іске қосылады.

Абай облысында жыл соңына дейін 3 мектеп пайдалануға беріледі Фото: gov.kz

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдегі мектептердің құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Оқушы орын тапшылығын азайту мақсатында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2700 орындық 4 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 3 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. 2025 жылы Аягөзде 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Былтыр облыс орталығында "KAZ Minerals" есебінен 1200 орындық мектеп құрылысы туралы айтқан болатынмын. Биыл мектеп пайдалануға берілді", – деді облыс әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Нұрлан Ұранхаев ІТ-бағытында оқушыларға заманауи білім беру көзделіп отырғанын жеткізді.

Оның айтуынша, жұмыс істеп тұрған мектептерге 2200 орындық 6 қосымша құрылыс және 510 орындық 6 шағын жинақталған мектеп салуға жобалық-cметалық құжаттама әзірленді.

"Былтырғы брифингте көпфункционалды Оқушылар сарайы салатынымыз туралы да айтқанмын. Құрылыс жүріп жатыр. Жоба келер жылы іске қосылады деп күтілуде", – деді аймақ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу