Абай облысы Тарбағатай ауылдық округінің Қазанқемір учаскесінде болған табиғи өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Таулы әрі жетуі қиын жерде құрғақ шөп пен бұталар жанған. Өрттің жалпы аумағы 5 мың гектарды құрады.
Өртті сөндіру жұмыстары жер бедерінің күрделілігіне байланысты қиындықпен жүргізілді. Оған Абай және Шығыс Қазақстан облыстары төтенше жағдайлар департаменттерінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығы қызметкерлері қатысты.
Сондай-ақ "Қазавиақұтқару" АҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиациялық қызметінің әуе кемелері жұмылдырылды. Авиация 26 рет су төгіп, жалпы 71 тонна су пайдаланылды.
Өрттен зардап шеккендер жоқ.