Абай облысындағы ауылда балықшылар цехы іске қосылды

363

Тассай ауылының тұрғындары ертеден Зайсан көлінен балық аулаумен айналысады.   

Абай облысындағы ауылда балықшылар цехы іске қосылды Фото: Абай облысының әкімдігі

Бірақ оны өткізетін, өңдейтін кәсіпорын болмаған. Балықшылар аулағанын өз бетінше саудалап келген.

Енді алысқа бармай-ақ ауылдағы кәсіпорынға тиімді бағамен өткізуге мүмкіндік алды. Жаңа өндіріс орнында сазан, шортан мен көксеркенің еті өңделіп, қолдануға дайын етіп шығарылады. Елді мекенде 20 жаңа жұмыс орны ашылды.

Тассайдан шыққан сапалы балық еті Семей, Алматы, Астана қаласындағы сауда орталықтарына жөнелтіліп жатыр. Кәсіпорын күніне 1 тоннаға дейін өнім дайындайды. Алда қуаттылығын арттырып жұмысшы санын 50 адамға дейін жеткізуді көздеп отыр- деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу