Абай облысындағы мекемеде 5,5 млн теңге көлемінде заңсыз жалақы төленген

406

Бүгінгі күні сот шешімі заңды күшіне еніп, заңсыз төленген сома мемлекет кірісіне өндірілді.

Абай облысындағы мекемеде 5,5 млн теңге көлемінде заңсыз жалақы төленген Фото: canva.com

Абай облысында прокуратураның қадағалау актісі бойынша бюджетке 5,5 млн теңге заңсыз төленген жалақы өтелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Облыс прокуратурасы "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ басшысының орман қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор ретінде ағасын заңсыз жұмысқа алу фактісін анықтады, ол 4 жыл бойы функционалдық міндеттерін нақты орындамай жалақы алды", - делінген ведомство хабарламасында.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде "Тарбағатай" МҰТП" РММ талабы бойынша сот шешімімен 5,5 млн теңге көлемінде заңсыз алынған жалақы өндірілді.

Бүгінгі күні сот шешімі заңды күшіне еніп, заңсыз төленген сома мемлекет кірісіне өндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу