Абай облысындағы орман алқабынан тағы өрт шықты

416

Батпаев орманшылығының аумағында ағаштар жанған.

Абай облысындағы орман алқабынан тағы өрт шықты Фото: ашық дереккөз

Абай облысы Төтенше жағдай департаментінің күштері мен құралдары "Семей орманы" МОТР аумағында орман алқабындағы өртті жедел жоюға көмек көрсетіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Семей филиалының мәліметінше, Батпаев орманшылығының аумағында ағаштар жанған. Өрттің алдын ала аумағы – 0,3 га. Бүгінде өртті сөндіру жұмыстарына Абай облысы ТЖД-дан 31 адам және 9 бірлік техника, орман шаруашылығынан 28 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылған. Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб ұйымдастырылды", - деп хабарлады ТЖМ.

Ведомствоның хабарлауынша, елдімекендерге келер қауіп жоқ.

"Метеорологиялық жағдай: +34 градус, солтүстік жел 2 м/с. Өрт сөндірушілер өрттің өршуіне жол бермеу және оны сөндіру үшін барлық күштерін салып жатыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу