Абай облысындағы өртке байланысты кімдер жауапқа тартылуы мүмкін?

546

Семей орманындағы өртке қай министрлік кінәлі?

Абай облысындағы өртке байланысты кімдер жауапқа тартылуы мүмкін? Фото: primeminister.kz

Өрттің ауқымы тиісті деңгейде бағаланбаған. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Үкімет кулуарында айтты, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңда прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Оның аясында барлық кінәлілердің жауапкершілігі анықталатын болады", - деп қысқа қайырды ол.

Роман Скляр бұл оқиғада төтенше жағдайларға дайындықтың 59 пайызы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде екенін атап өтті.

Ол журналистердің "Қазғарыштың" өрт болып жатыр деген деректері туралы білдіңіздер ме?" деген сауалына да жауап берді. 

"Қазақстан ғарыш сапары" штаттық режимде жұмыс істеді. 8 маусым күндізгі уақытта бұл ақпарат (ред. – өрт туралы) Экология министрлігіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне де түсті. Басында өртті сөндіруге "Семей орманы" орман шаруашылығының күштері мен құралдары аттанғаны мәлім. Одан кейін тілсіз жауды өшіру мүмкін еместігі анықталғаннан соң, ТЖМ мен Қорғаныс министрлігінің күштері жұмылдырылды. Өрт жылдам таралды", - деді Скляр. 

Тілшілер таяуда ғана қызметінен кеткен ТЖМ бұрынғы басшысы Илья Ильиннің оқиға орнына неге бірден аттанбағанына шүйлікті. 

"Осы үшін ол қызметінен босатылды", - деп жауап берді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу