Абай облысындағы Орлов шахтасында екі жұмысшы уланып, біреуі ауруханада бара жатқан жолда қаза болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
— Зардап шеккендердің бірі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Медициналық көмек көрсетілген екінші жұмысшының қазіргі жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, — деп хабарлады KAZ Minerals тобының баспасөз қызметінен.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
— Кәсіпорынның басқарма төрағасы Андрей Третьяков жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін Орлов кенішіне жолға шықты. KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза болған қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Компания марқұмның отбасына жан-жақты көмек көрсетеді, — делінген ақпаратта.