Абай облысындағы тағы бір жолда көлік қозғалысына тыйым салынды

235

Абай облысындағы жолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абай облысындағы тағы бір жолда көлік қозғалысына тыйым салынды Фото: canva

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда боран мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты жолдардың бірі жабылады.

– Облыстық маңызы бар "Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха" тасжолының 72-87 шақырымында (Шемонаиха қаласынан Абай облысы шекарасына дейінгі аумақ) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылады. Сондықтан жүргізушілерді бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына жолдардың жай-күйін "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу