Абай облысындағы тас жолда қатты желдің салдарынан ауыр жүк көлігі аударылды

262

Жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. 

Абай облысындағы тас жолда қатты желдің салдарынан ауыр жүк көлігі аударылды Фото: Polisia.kz видеодан алынды

19 желтоқсан Омбы - Майқапшағай трассасының 913 шақырымында болған жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған еді.

Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі - Ресей Федерациясының азаматы, ол жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермегенін, қатты желдің салдарынан көлік аударылғанын түсіндірді.

Полицейлер ауыр жүк көлігін жолға шығара алатын тиегішті алу үшін  ЖШС-лердің біріне жүгінді. Кюветтен ауыр жүкті шығару операциясын толық сүйемелдей отырып, тәртіп сақшылары көлікті жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізді.

Шетелдік полицейлерге ризашылығын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу