Абай облысындағы түрмеде жанжал болып, сотталушы көз жұмды

88

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары режимдегі түзеу мекемесінде сотталушы көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Абай облысындағы түрмеде жанжал болып, сотталушы көз жұмды Фото: canva

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, мекемеде бір камерада отырған екі сотталушы арасында жанжал шыққан.

Төбелес барысында олардың бірі екіншісіне дене жарақатын салып, салдарынан жәбірленуші қайтыс болған.

"Аталған факті бойынша "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу және тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Мекемедегі жағдай тұрақты", – делінген ақпаратта.

Тергеу барысы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылығының бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу