Абай облысының 3 ауданы қашықтан оқыту форматына ауыстырылды

Бұл туралы Абай облысының білім басқармасы хабарлайды. 

Абай облысының 3 ауданы қашықтан оқыту форматына ауыстырылды  Фото: pixabay.com

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Абай облысындағы 3 ауданның оқушылары бүгін қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абай облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты I ауысымдағы:

- Аягөз ауданындағы 12 мектептің 1-11 сынып оқушылары;

- Көкпекті ауданындағы 14 мектептің 1-11 сынып оқушылары;

- Ақсуат ауданындағы 17 мектептің 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн өтеді.

Қалған аудан мен қала мектептерінің сабақтары штаттық режимде болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу