Қала тұрғындары азық-түлік өнімдерінің 20-ға жуық түрін орташа нарықтық бағадан 8–20%-ға төмен бағамен сатып ала алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жәрмеңке Шевченко көшесінің Пушкин және Қонаев көшелері арасындағы бөлігінде ұйымдастырылады.
Өндірушілер жалпы 100 тоннадан астам азық-түлік әкеледі.
"Сатылымға сиыр, жылқы және қой еті, өсімдік майы, сүт өнімдері, қымыз, бал, құрт, бауырсақ, кондитерлік өнімдер және басқа да тауарлар шығарылады", – деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу