Абай облысының инвестициялық жобалар пулының жалпы сомасы 1,4 трлн теңгені құрады

Бес жылда 44 жоба жүзеге асырылмақ. 

Абай облысының инвестициялық жобалар пулының жалпы сомасы 1,4 трлн теңгені құрады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде есеп берген аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, Абай облысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспары іске асырылуда. Ол 102 іс-шараны қамтиды, салынатын инвестиция көлемі – 1,9 трлн теңге шамасында.

"2023 жылы 89,2 млрд теңгеге 45 іс-шараны іске асыру жоспарланған. Тиісті жұмыстар басталды. Бес жылға арналған инвестициялық жобалар пулы жасақталды. Оған 8 мың жұмыс орнын қамтитын, 1,4 трлн теңгенің 44 жобасы енді. Биыл 600 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 3 жоба іске қосылды. Олардың жалпы құны 19,1 млрд теңге", – деді аймақ басшысы елордада өткен брифингте.

Нұрлан Ұранхаевтың салаларға жеке тоқталды. Мәселен, агроөнеркәсіптік кешенде 5,3 млрд теңгеге 4 инвестициялық жоба іске асты. Жылдың аяғына дейін, өңдеу өнеркәсібінде 11,9 млрд теңгеге, 150-ге жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін инвестициялық жоба құрылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу