Абай облысының психикалық дертке шалдыққан 80-ге жуық тұрғыны жүргізуші куәлігін алды

265

Оның 50-і көлік жүргізу құқығынан айырылған. 

Абай облысының психикалық дертке шалдыққан 80-ге жуық тұрғыны жүргізуші куәлігін алды Фото: inbusiness.kz

Абай өңірінде психикалық дертке шалдыққандардың жүргізуші куәлігі болған. Бұл туралы inbusiness.kz сайты облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Талдау көрсеткендей, облыста 78 адамның медициналық қарсы көрсеткіштеріне қарамастан жарамды жүргізуші куәлігі бар. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша, оның 50-і жүргізуші куәлігінен айырылды және қалғандары бойынша жұмыстар жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Ресми мәліметтерге сәйкес, көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату негіздерінің бірі – медициналық қорытындымен расталған көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізушінің денсаулығының нашарлауы.

Сондай-ақ, мұндай құқықты бұзу уәкілетті органның талабы бойынша, сот шешімі арқылы азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу