Абай облысының жер қатынастары бөлімінде жоқ адамдарды жұмысқа орналастырған

213

Шығын көлемі - 5 млн теңге.

Абай облысының жер қатынастары бөлімінде жоқ адамдарды жұмысқа орналастырған Фото: inbusiness.kz

Абай облысы Бесқарағай ауданының жер қатынастары бөлімінің жүргізушісі ретінде адамды жалған жұмысқа орналастыру фактісі анықталды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Жалған адам 2015-2023 жылдар аралығында жалақы алып отырған.

15.08.2023 жылы аудан прокуратурасы бұл фактіні СДТТБТ-де тіркеп, қылмыстық істі тергеу бойынша Абай облысының экономикалық тергеу департаментіне тапсырды.

Тергеу аяқталғаннан кейін ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі бойынша бухгалтерге қатысты қылмыстық іс (қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау) сотқа жіберілді.

Істі қарау аудан орталығының мемлекеттік мекемелерінің бухгалтерлерін шақыра отырып, ашық көрсетілімдік сот отырысында өткізілді, онда сотталушы "К.Н." өз кінәсін мойындап, мемлекетке 5 млн. теңге көлемінде залал тергеу сатысында өтелгенін түсіндірді.

12.10.2023 жылы "К.Н." сотының үкімімен 3 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды (сот актісі заңды күшіне енген жоқ).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу