Абай өлеңдерін оқу эстафетасы жалғасып жатыр

2003

Нұрлан Ноғаев Сириядан оралған қазақстандықтан Абайдың 175-жылдығына арналған эстафетаны қабылдады.

Абай өлеңдерін оқу эстафетасы жалғасып жатыр

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны Нұрлан Ноғаевқа 6 адам жолдады, деп хабарлайды atpress.kz.

Қазақ ұлттық өнер университетінің 6-сынып оқушысы Медея Даниярқызы, Сириядан оралған қазақстандық Балжан Абдрахманова, "Ақ Жайық" газетінің директоры Айнұр Сапарова, атыраулық №18 мектептің 9 – сынып оқушысы Нұрлыбеков Нұрасыл, сондай–ақ, актер, театр және кино режиссері Талғат Теменов пен дирижер Бауыржан Ақтаев эстафетаны Нұрлан Ноғаевқа жолдаған болатын.

Атырау облысының әкімі Абайдың "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" атты шығармасын оқып, эстафетаны профессор, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есімге жəне жазушы Роллан Сейсенбаевқа,экономика ғылымдарының докторы Елеусін Сағындықовқа жолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу