Абай өңіріндегі оқушылар сабақты онлайн оқитын болады

Бұл туралы Абай облыстық Білім басқармасы хабарлайды. 

Абай өңіріндегі оқушылар сабақты онлайн оқитын болады Фото: pixabay.com

Абай облысындағы мектептердің бірінші ауысымындағы оқушыларға арналған сабақтар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыстық Білім басқармасының хабарлауынша, Абай облысында 2024 жылғы 19 қаңтар күні ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда:

  • Ақсуат ауданындағы 18 мектептің 1-11 сынып оқушылары;
  • Бородулиха ауданындағы 16 мектептің 1-9 сынып оқушылары;
  • Көкпекті ауданындағы 18 мектептің 1-11 сынып оқушылары;
  • Аягөз ауданындағы 12 мектептің 1-9 сынып оқушылары;
  • Бесқарағай ауданындағы 12 мектептің 1-4 сынып, 1 мектептің 1-9 сынып, 2 мектептің 1-11 сынып оқушылары;
  • Жарма ауданындағы 7 мектептің 1-4 сынып, 13 мектептің 1-9 сынып, 3 мектептің 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Сонымен қатар, қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқитын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу