Абай ұлттық мектебінде VІІІ республикалық "Абайтану" олимпиадасы өтті

116

Бұл туралы Оқу ағарту министрлігі мәлім етті.

Абай ұлттық мектебінде VІІІ республикалық "Абайтану" олимпиадасы өтті Фото: gov.kz

Дәстүрлі түрде өтетін бұл олимпиада "Адал азамат" тәрбие бағдарламасы аясында Абай мұрасы арқылы жас ұрпақты тәрбиелеп, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олимпиадаға 14 облыс, 3 республикалық маңызы бар қала және 3 Республилалық білім беру ұйымынан 9-11 сынып оқушылары қатысып, сайыста барлығы 112 оқушы бақ сынады. Нәтижесінде 10 қатысушы І орынға, 16 қатысушы ІІ орынға, 23 қатысушы ІІІ орынға ие болып, 12 қатысушы арнайы грамоталармен марапатталды.

Бұл олимпиада ұлттық руханиятты дәріптеп, жас буынның ой-өрісін кеңейтетін маңызды алаң.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу