Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарынан сайланған сенаторлар белгілі болды

609

Барлық үш өңір бойынша 346 мәслихат депутатынан дауыс беруге 311 депутат қатысты. 

Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарынан сайланған сенаторлар белгілі болды

Барлық өңірлерде кворумға қол жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Парламент Сенатындағы тиісті 6 мандатқа барлығы 12 кандидат (әр облыстан 4 адамнан) дауысқа түскен.

Дауыс беру, өзге де сайлау рәсімдері сайлау заңнамасының нормаларына сай өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Абай облысынан:

Байахметов Бақытжан Кәкенқаджаұлы;

Арғынбекова Айнұр Серікпайқызы;

Ұлытау облысынан:

Медебаев Советбек Тұрсынұлы;

Шайдаров Серік Жаманқұлұлы сайланды.

Жетісу облысынан:

Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы;

Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы;

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Парламент Сенатының депутаттары алты жылға сайланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу