Абайдың "Көзімнің қарасы" əнін итальян тілінде шырқады

1644

Абайдың "Көзімнің қарасы" əнін итальян тілінде шырқады

Астанада "Сан-Ремо жұлдыздары Астанада" атты Италияның эстрада əншілерінің қатысуымен концерт өтті. Кеш шымылдығын ашқан Hit Italy тобы Абайдың "Көзімнің қарасы" əнін итальян тілінде шырқады, деп хабарлайды egemen.kz.

"Арнайы қазақстандық жанкүйерлер үшін жазылған жаңа əн, қабыл алыңыздар!", деген топ əншілері Абайдың әнін нақышына келтіре орындады.

Кеште Лобертино Лоретти, Тото Кутуньо, 70-80 жылдары Италия, Еуропа сахналарын жаулаған Ricchi e poveri тобы өнер көрсетті. 

"Сан-Ремо" италиялық музыка фестивалі – жыл сайын ақпан айында Италияның солтүстік батысында орналасқан курорттық қалада өткізілетін музыкалық байқау. Аңызға айналған музыкалық фестиваль 1951 жылдан бері талантты музыканттар мен орындаушыларды танытып келеді. Əйгілі Адриано Челентано, Клаудио Мори жəне Тото Кутуньо сынды əлемге əйгілі əншілер кезінде осы Сан-Ремодағы фестиваль сахнасынан түлеп ұшқан болатын. 

Концерт "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында, Қазақстан мен Италияның дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдығына арналып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу