Абақтыға тыйым салынған заттарды алып кірмек болған келіншек ұсталды

152

Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Абақтыға тыйым салынған заттарды алып кірмек болған келіншек ұсталды Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында орналасқан №27 түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

4 сәуір күні абақтыға ұзақ мерзімді кездесуге келген азаматша азық-түлік салынған себет арқылы мекемеге роутер мен құлаққапты жасырын кіргізбек болған. Алайда бұл заттар мекеменің ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес қатаң түрде тыйым салынған.

Тексеру кезінде аталған заттар мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында анықталып, тәркіленді.

Оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы 1-бөлігі (Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды беру (беруге тырысу) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Құжаттар әрі қарай қарау үшін тиісті уәкілетті органдарға жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу