Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

1056

Бұған дейін Нұрбол Нұрсағатов елорданың Алматы ауданының әкімі болды.

Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды Фото: gov.kz

"Президент әкімшілігімен келісе отырып, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың өкімімен Нұрбол Нұрсағатов әкімнің орынбасары болып тағайындалды", – деп жазылған облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Нұрбол Нұрсағатов Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университетін және Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын бітірген.

Нұрсағатов ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс комитетінде жұмыс істеген. Елордалық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары болды. Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2014-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу