Абдулла Гүл: Қазақстан түркі мемлекеттерімен ынтымақтастықты нығайтты

621

Түркияның 11-ші президенті Абдулла Гүл Орталық Азия медиа форумында сөйлеген сөзінде Қазақстан Орталық Азияда өңірлік ынтымақтастықты дамытқанын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz. 

Абдулла Гүл: Қазақстан түркі мемлекеттерімен ынтымақтастықты нығайтты Фото: ca-mediaforum.org

"Қазір әлем тектоникалық ығысулар жағдайында дамып келеді. Сондықтан неғұрлым ашық, есеп беретін, ынтымақтастыққа бейім және жаһандық деңгейде икемді болу қажет. Осының барлығында бұқаралық ақпарат құралдары биліктің үлкен көзі ретінде қарастырылуы керек. Себебі ақпараттық дәуірде соңғы цифрлық трансформацияларды ескере отырып, бізде кез келген ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігіміз бар. Сонымен қатар цифрлық орта бізге мониторинг жүргізуге, оған қатысуға күш береді. Әр адамның өз пікірін білдіре алатын жаһандық азамат болуға мүмкіндігі бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында айналамызда болып жатқанның бәрін жасыру мүмкін болмады", - деді спикер.

Оның айтуынша, бұл елдердің де, Үкіметтің де ашық есеп беруіне әсер етеді.

"Қазақстан ұлттық бірегейлікті қалыптастыру процесін құруға зор күш жұмсады. Қазақстан Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты ашық ілгерілетіп, түркі мемлекеттерімен ынтымақтастықты нығайтты", - деді Түркияның 11-ші президенті Абдулла Гүл.

Айта кету керек, Астанада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен бірінші Орталық Азия медиа форумы өтіп жатыр. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу