Ал, 5 тамызда мұражай толықтай жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша Алматыдағы Қастеев атындағы мұражай желтоқсан айына дейін жабылады.
"Бұл шара сіздерге көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, музей кеңістігін барынша қолайлы ету үшін жасалып жатыр", – деп жазды мұражайдың өкілдері Instagram-парақшасында.
Мемлекеттік сатып алу порталында жалпы құны 46,8 млн теңге болатын лот жарияланған.
Аталған қаражаттың 36,8 млн теңгесі "Көктем-3" ықшамауданындағы орналасқан мұражай ғимаратына жұмсалса, қалған 9,9 млн теңге Қастеевтің үй-мұражайын жөндеуге бөлінеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу