Абылайхан Жүсіпов мерізімінен бұрын жеңіске жетті

921

Абылайхан ширек финалда таиландтық Масуук Вуттичаймен кездеседі.    

Абылайхан Жүсіпов мерізімінен бұрын жеңіске жетті

Бокстан Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Абылайхан Жүсіпов Аммандағы іріктеу турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

69 келіде жұдырықтасқан Жүсіпов турнирге екінші айналымда қосылды. Бүгін ол моңғолиялық Мишил Баттумурмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Абылайханның басымдығымен өткен кездесу аяқталар тұста моңғолиялық боксшының қабағы жарылып, жекпе-жек тоқтатылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу