Абзал Әжіғалиев "қараша айының үздік спортшысы" наградасын алды

1024

Өткен айдың үздігі атануға бес спортшы үміткер болған еді. 

Абзал Әжіғалиев "қараша айының үздік спортшысы" наградасын алды

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі Абзал Әжіғалиев "Қараша айының үздік спортшысы" наградасына ие болды. Жеңімпазға арнайы есімі қашалып жазылған статуэт Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінде табысталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әжіғалиев ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында жүргізілген "Қараша айының үздік спортшысы" номинациясы бойынша жеңімпаз атанған болатын.

"Өзімді үміткерлер қатарынан көргенімде ерекше әсерде болдым. Жеңімпаз екенімді білгенде өте қуандым. Бізде маусым енді басталды. Бұл жеңіс тек менің емес, бүкіл командамның еңбегінің жемісі деп санаймын. Себебі, маусым енді басталғанына қарамастан, команда жұмысқа қызу кірісіп кетті. Осы орайда, мені үнемі қолдап, демеп отыратын жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді. Сіздердің қолдауларыңыз жеңілісте де, жеңісте де сезіледі. Сіздердің маған артқан үміттеріңізді ақтауға барымды саламын!", – дейді Абзал Әжіғалиев.

Өткен айдың үздігі атануға бес спортшы үміткер болған еді. Олар: Сәрсенкүл Рысбекова (стенд ату), Абзал Әжіғалиев (шорт-трек), Стенд атудан Қазақстан әйелдер командасы, Жанбота Алдабергенова (фристайл-акробатика) және Адлан Асқаров (еркін күрес). 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу