Абзал Құспан: Әзірге саяси сұрақтарға жауап бере алмаймыз

1503

Заңгер Абзал Құспанның бастамасымен қаңтар оқиғасына байланысты құрылған "Аманат" комиссиясы брифинг өткізді.  

Абзал Құспан: Әзірге саяси сұрақтарға жауап бере алмаймыз

"Сіздер қамаудан шығарған адамдардың құқықтары бұзылғанын айтасыздар. Ал оларды биліктің өзі ұстаған болатын. Билікті осыған айыптайсыздар ма?".
"Қаңтар оқиғасынан кейін "тапсырмасын орынай алмаған" қорғаныс министрі отставкаға кетті. Ал ішкі істер қызметкерлері тарапынан адамды қинау, қанау болған. Ендеше ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың формасы "Жаңа Қазақстанға" келмейтін секілді. Осы салаға да министрден бастап тазалау керек деп ойлайсыз ба?".

Журналистер тарапынан осындай сұрақтар қойылды.

"Бізге мүмкіндік билік тарапынан берілді. Сондықтан саяси сұрақтарға саяси баға беру дұрыс емес деп есептеймін. Өйткені әлі де қызметімізге мұқтаж жандар бар", - деп жауап берді комиссия төрағасы Абзал Құспан. 

"Біз салдармен күресіп жатырмыз. Сіздер себебін сұрап тұрсыздар. Өрт болғанда адам бірінші оны сөндіруі керек қой. Біздің жұмыс сол секілді салдарға бағытталған. Ал мәселенің шығу себебі кейін белгілі бола жатар", - дейді Мәди Мырзағараев.

"Бізге дауласып отырғаннан гөрі, адамдарға көмек көрсеткен пайдалы. Қаншама адамның жары, әке-шешесі жаутаңдап күтіп отыр", - дейді комиссияның тағы бір мүшесі Уайс Ерсайынұлы.

Айта кетейік, Абзал Құспан 22 қаңтарда мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринмен кездескен, кездесуден соң комиссия құруға "Ақорда" қарсы емес екенін фейсбук желісінде жазған. Кейін "Аманат" комиссиясын құрғанын жариялаған.

Абзал Құспанның айтуынша, комиссия мүшелеріне қажетті қаражатты маңғыстаулық кәсіпкер берген.

Бұған дейін олар 85 адамды қамаудан шығарғанын, енді ШҚО-да 24 адам, ал Шымкентте бес адам шығарылады деп күтіп отырғанын мәлімдеді.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу