Абзал Құспан: Конституцияда адвокатураның орны күшейтілді

217

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан Конституция жобасындағы негізгі жаңашылдықтардың бірі ретінде адвокатура институтының Ата заңда тікелей бекітілуін атады.  

Абзал Құспан: Конституцияда адвокатураның орны күшейтілді Фото: mazhilis.kz/Telegram

Депутаттың айтуынша, Конституция – еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін әрбір азаматтың өміріне тікелей әсер ететін басты саяси-құқықтық құжат, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сондықтан онда құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ететін нақты механизмдер айқын көрсетілуі қажет.

Осы тұрғыдан алғанда, адвокатура институтын Конституцияға енгізу оның преамбуласында бекітілген "Әділетті Қазақстан", "Заң мен тәртіп" қағидаттарымен, сондай-ақ халықаралық деңгейде мойындалған Миранда құқығымен тығыз байланысты.

– Егер бұл қағидаттар Конституцияда көрініс тауып, ал адвокатура мәселесі нақты шешімін таппаса, олар тек декларативті сипатта қалып қояр еді. Ал адвокатура институты – адам құқықтарын күнделікті өмірде іске асыратын тікелей әрі пәрменді тетік, – деді Абзал Құспан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу