ADAL партиясына қатысты қаулы қабылданды

645

Орталық сайлау комиссиясы ADAL партиясының үміткерлеріне партиялық тізім бойынша мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауына қатысуға рұқсат берді. 

ADAL партиясына қатысты қаулы қабылданды

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 89-бабына сәйкес, тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының 30%-нан аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім жіберіледі. Партиялық тізімде әйелдер мен 29 жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30% құрауға тиіс", – деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.

Cпикердің сөзінше, ADAL партиясының партиялық тізіміне 16 адам енген. Олардың арасында 5 әйел адам және 29 жасқа толмаған азаматтар бар. 

"Бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,2%. Орталық сайлау комиссиясы уәкілетті органдармен бірлесіп, мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен "Сайлау туралы" Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және "Сайлау туралы" конституциялық заң талабына сай болды", – деді Асылбек Смағұлов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу