Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы өзгерді

407

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамын өзгертуді көздейтін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы өзгерді Фото: egemen.kz

Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына "Наука и жизнь Казахстана" халықаралық ғылыми журналының бас редакторы Есберген Алауханов, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Әділет министрі Азамат Есқараев, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, "Сана сезім" әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы" қоғамдық бірлестігінің директоры Шахноз Хасанов кірді.

Комиссия құрамынан бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Конституциялық соттың қазіргі төрағасы Эльвира Әзімова, Конституциялық кеңестің бұрынғы мүшесі Иоган Меркель, бұрынғы Әділет министрі Қанат Мусин, Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқу ісі жөніндегі проректоры, қазіргі Конституциялық соттың судьясы Еркін Оңғарбаев шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу