"Халықтың бәріне жексұрын қылып көрсетті": Шерзаттың сотында күдікті өкпесін жеткізді

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы әлі жалғасып жалғасып жатыр. 

"Халықтың бәріне жексұрын қылып көрсетті": Шерзаттың сотында күдікті өкпесін жеткізді Фото: Бейнежазбадан

"Қамажай" дүкенінен сыра алып, даудың басы болған күдіктінің бірі Дархан Әскентайдан жауап алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Онда сотталушыға жәбірленушілердің өкілі сұрақ қойды.

– Жауап беру барысында полиция қызметкерлері тарапынан қысым көрсетілді, ұрып-соқты деп айттыңыз. Сол себептен, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезіндегі жауаптарыңызды толық қолдамайсыз, ішінара қолдайсыз, солай ма? – деді ол. 

Дархан Әскентай мұны растады. Сол кезде сотталушыға тағы да "Осы уақытқа дейін, 7 ай көлемінде полиция қызметкерлері тарапынан келтірілген қысымға шағым түсірдіңіз ба?" деген сұрақ бағытталды. 

– Шағым түсіргенім жоқ, себебі қамалғалы адвокатыммен де кездестірмейді, ешкіммен де кездестірмейді мені. Адам құрлы көрмейді ғой бізді. Халықтың бәріне жексұрын қылып көрсетті бізді. Бұдан кейін ешқайда шыға алмай, қамауда жатқаннан кейін ешкімге шағым жазуға мүмкіндік болмады, – деп жауап берді ол. 

Осыған дейін сотталушының Қаржаубай Нұрымовтың сөзін жоққа шығарғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Дархан Әскентай төбелеске қатысқан жігіттер туралы да айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу