Әділбек Мусин әлемдік сында Қазақстанның жаңа рекордын орнатты

1468

Кванджуда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден іріктеу кезеңдері өтті.

Әділбек Мусин әлемдік сында Қазақстанның жаңа рекордын орнатты

Қазақстандық Әділбек Мусин 01.58.58 уақыт көрсеткішімен өз тобында 2-орын алды. Ал жалпы іріктеу кезеңінде 25-сатыға тұрақтап, финалға өте алған жоқ, деп жазады Olympic.kz.  

Десе де, Мусин осы нәтижесі арқылы Қазақстан рекордын жаңартты. Бұрынғы рекорд та Мусинге тиесілі болатын. Ол АҚШ-та өткен жарыста 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден 1.59.48 нәтижесін тіркеді. 

Айта кетелік, бұл Әділбектің әлемдік сындағы екінші рекорды. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден де ел рекордына түзету енгізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу