Әділбек Жақсыбеков "ҚазТрансГаз" компаниясын басқаратын болды

437

Әділбек Жақсыбеков 1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бүрлі ауылында дүниеге келген.  

Әділбек Жақсыбеков "ҚазТрансГаз" компаниясын басқаратын болды

Әділбек Жақсыбеков "ҚазТрансГаз" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

1978 жылы Бүкілодақтық кинематография (Мәскеу) мемлекеттік университетін тәмамдаған. 1987 жылы Плеханов атындағы халық шаруашылығы институтында "материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастырушы" мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Әділбек Жақсыбеков – астананың алғашқы әкімі. Әр жылдары Президенттің көмекшісі, Индустрия және сауда министрі, Қорғаныс министрі қызметтерін атқарып, Президент Әкімшілігін басқарған. "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамы – еліміздің және дүниежүзінің газ нарығында мемлекеттің мүддесін білдіретін, елдегі газбен жабдықтау саласындағы ірі компания.

"ҚазТрансГаз" АҚ табиғи газды магистральдық газ құбырлары бойынша тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы нарыққа газ өндірумен, сатумен айналысады. Құбыр жолдары мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырып пайдаланады.

ҚазТрансГаз – тұтынушыларға сенімді газ жеткізіп отырған Орталық Азия өңіріндегі ірі газ тасымалдау желісі және ішкі газ жабдықтау жүйесі бар іргелі компания.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу