Әділет министрі де астана атауын өзгертуге кететін шығынды айтпады

813

Депутаттар министрден қала атауын өзгертуге қанша қаражат жұмсалатынын сұрады.

Әділет министрі де астана атауын өзгертуге кететін шығынды айтпады

Астана атауын өзгерту жеке азаматтарға қиындық туғызбайды. Олардың құжаттарында қаланың өзгертілген бұрынғы атауы жазылып тұрса да, жарамды болып қала береді. Бұл туралы Парламенттің бірлескен отырысында Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Депутаттар министрден қала атауын өзгертуге қанша қаражат жұмсалатынын сұрады. Министр нақты сандарды айтпады. 

"Қаражат жағын айтсақ, қалалық мәслихат айтқандай, аса көп шығын болмайды. Шұғыл түрде маңдайшаларды ауыстырмайды. Құжаттар да цифрлыққа қарай ауысып жатқандықтан, шығын көп болмайды", – деді Қанат Мусин. 

Мұндай жауапты кеше астана мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов та айтқан.

2019 жылы Нұр-Сұлтан деген атау берілгенде 30 млн теңге жұмсалған. Биыл одан әлдеқайда аз қаражат жұмсалады", – деп сендіруге тырысқан ол.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттарының ұсынысымен елорда атауы қайта Астана деп өзгермек. Ұсынысты президент қолдаған. Өзгеріс Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына да енгізілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу