Әділет министрлігі халықаралық соттарда 25 іс бойынша мемлекет мүддесін қорғауда

1130

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Қанат Мусинді қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әділет министрлігі халықаралық соттарда 25 іс бойынша мемлекет мүддесін қорғауда

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекет мүддесінің қазақстандық және халықаралық соттарда қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді. Қазіргі уақытта министрлік 25 іс бойынша мемлекет мүддесін қорғау жұмыстарын жалғастыруда. Атап айтқанда, олардың 14-і халықаралық арбитраждардың, 5-еуі шетелдік соттардың қарауында жатыр, 6 іс сотқа дейінгі өндірісте", – деп жазылған Мемлекет басшысының сайтына шыққан ақпаратта.

Сонымен қатар Қанат Мусин Президентке министрліктің былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижелері мен 2022 жылы мән берілетін басым бағыттар жөнінде баяндады.

Оның айтуынша, биыл 26 заң жобасы әзірленіп, Парламент қарауына енгізіледі деп жоспарланып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ Қанат Мусин сот актілерінің орындалуына қатысты жағдай мен халыққа заңгер көмегінің берілуі жөнінде есеп берді. Әділет министрінің айтуынша, 122 мыңнан астам азамат кепілдендірілген заң көмегін алған, осы мақсатта 1,8 миллиард теңге бөлінген. Әлеуметтік жағдайы төмен 11 мыңнан астам адам заңгер көмегін тегін алған.

Президент Әділет министрлігінің 2022 жылға арналған жоспарымен танысқаннан кейін әзірленіп жатқан нормативтік-құқықтық актілердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған заңгерлік қызмет көрсету ісіне ерекше назар аударуды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу