Әділет министрлігі: Стати жеңілісін мойындады

773

Ұлттық қордың 530 миллион АҚШ доллары сомасына салынған тыйым алынады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әділет министрлігі: Стати жеңілісін мойындады

Әділет министрлігі "2021 жылғы 22 қарашада Анатол мен Габриель Стати Бельгиядағы Ұлттық қордың 530 миллион АҚШ доллары сомасына тең активтеріне салынған тыйымның күшін жою керек екендігін мойындады" деп хабарлады.

"Бельгиядағы 530 миллион АҚШ долларына тыйым салудан Статидің өз еркімен бас тартуы – олардың ірі көлемдегі алаяқтық әрекеттерінің салдарының бірі ғана. Стати мен олардың сыбайластарының, оның ішінде Дэниел Чапман мен оның Аргентем Крик компанияларының алаяқтығынан заңның үстемдігін қорғау жолында Әділет министрлігі қол жетімді барлық құралдарды қолданатын болады. Бұл құқықтық қорғау құралдары Республикаға қарсы Статимен жалған және заңсыз қудалау науқанын жүргізіп жатқан Бельгияда және басқа да юрисдикцияларда бар", – дейді Әділет министрі Марат Бекетаев.

Ведомство, сонымен қатар уақытша тыйым салу процесі аясында Лондонның Жоғарғы сотында бөлек сот процесі болғанын еске салды. Оның нәтижесінде 2020 жылғы наурызда Республика мен Ұлттық Банк пайдасына шешім қабылданды. Осы Лондондағы процесте Жоғарғы соттың 2021 жылғы ақпандағы Республика мен Ұлттық Банктің 3,7 миллион доллар көлеміндегі сот шығындарын төлеуге міндеттейтін шешім Статидің жеңілісінің нәтижесі болды. Алайда Стати шешімді осы уақытқа дейін орындамаған.

Еске сала кетсек, Стати Бельгиядағы сот талқылауын 2017 жылдың соңында қозғады. Бұл 2018 жылғы мамырда Bank of New York Mellon сақтауындағы Ұлттық қорға тиесілі 530 миллион АҚШ долларына тыйым салынуына әкеп соқты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу